Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын ампула түріндегі Арглабин дәрісі мен басқа да фитодәрілер шығаратын Қарағандыдағы фармацевтикалық зауыт жұмысы қаржы тапшылығынан тоқтап тұр. Бұл туралы Фитохимия институтының директоры, профессор Серғазы Әдекенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді,-деп хабарлайды Қазақстан тудей агенттігі. Қатерлі ісікке қарсы қолданылатын қазақстандық тұңғыш дәрі - Арглабинді шығаратын дүниежүзінде теңдесі жоқ фармацевтикалық зауыт салу туралы шешім осыдан екі жыл бұрын қабылданған. Жоба құны 10 млн. долларды, оның бірінші кезегінің құны 5,2 млн. долларды құрайды. Жобаны қаржыландыру міндеті бастапқыда Қазақстан даму банкіне жүктелген болатын. Алайда несиелік міндеттер орындалмаған. С.Әдекеновтың айтуынша, өткен дүйсенбіде жобаны қаржыландыруды Инвестициялық қорға жүктеу туралы үкіметтік деңгейде шешім қабылданды. Осыған байланысты қаржыландыру мәселесі енді шешілер дегенге С.Әдекенов сенім білдіреді.

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында "Тайбурыл-2003" жылқы көремсі ашылды. Қазақ ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі – "Қобыланды батыр" жырындағы батырға сенімді серік болған желден жүйрік тұлпардың құрметімен аталған халықаралық көрме қыркүйектің 14-де дейін жұмыс істейтін болады. Оған Қазақстан мен Ресейдің жылқы зауыттары және 50 ден астам түрлі ұйымдар мен фирмалар қатысуда.
XS
SM
MD
LG