Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары


Бұл күндері Батыс Қазақстан аймағында ЮНЕСКО аясындағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, 19-ғасырдағы Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры Махамбет Өтемісұлының 200 жылдық мерейтойы басталып кетті. Бүгін Атырау қаласында Исатай-Махамбет деп аталатын мемориалдық кешеннің ашылу салтанаты болады, оған Қазақстан президенті Н.Назарбаев қатысуға тиіс.

Бүгін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Малайзияның жоғарғы билеушісі Саид Сираджуддин Ибн Әл-Мархум Туанку мырза мен оның зайыбының сапары аяқталып мәртебелі меймандар еліне қайтады. Қонақтар Астана мен Алматының бірқатар көрікті жерлерін аралап көріп, мәдениет-өнер ордаларын тамашалады, ұлттық дәстүр-салт пен спорт ойындарымен танысты.

Бұдан былай Алматы мен Астананың арасы жақындай түсетін болды. Кеше Алматыдан шыққан "Тұлпар" атты жүрдек поезд қос астана арасындағы 22 сағаттық жолды 13 сағат 44 минутқа дейін қысқартты. Сөйтіп испандық шеберлер құрастырған жүрдек поезд екі жылдай сынақтан өткеннен кейін, енді екі араға тұрақты қатынайтын болды. Болашақта жүйрік тұлпардың Астана мен Аламты арасындағы жолда жүру ұзақтығы 12 сағатқа дейін қысқармақ.

Алматы балалары дүйсенбі күні ұзын мойын жирафты теледидардан емес, қаладағы хайуанаттар паркінде тірідей тамашалай алатын болды. Кеше Алматыдағы хайуанаттар бағына Оңтүстік Африка елінен антилопаның үш түрі және 6 керік – ұзын мойын жирафтар мен бұл аймақта кездесе бермейтін құстар, тасбақа мен жыланның бірқатар түрлері жеткізілген. Мамандар бұған дейдін мұндай аңдар бұрынғы Совет одағының елдерінде тек Мәскеу қаласында ғана болған дейді. Аталаған хайуанаттарды Қазақстанға әкелу үшін Оңтүстік Африка республикасы мен Қазақстан үкіметінің арасында келіссөздер бір жыл бойы жүргізіліпті. Аңдарды сатып алу үшін Алматы хайуанаттар бағы қаржыны өз қалтасынан шығарған деп хабарлайды Қазақстанның Хабар агенттігі.
XS
SM
MD
LG