Accessibility links

Таяу шығыс.


Женевадағы кездесуден соң БҰҰ-ның бас хатшысы К.Аннан Қауіпсіздік кеңесінің барлық тұрақты бес мүшесі Израил мен Палестиннің екі жағының да жол картасы бойынша өз міндеттемелерін орындау керек екендігіне мойынұсынды деп айтқан. - Кеңес мүшелері төрттіктің жол картасына байланысты міндеттері жөнінде тағы да қайталап айтты. Олар тараптардың екі жағының да міндеттері бар екендігін, оларды орындау қажеттігін еске салды, - деген Кофи Аннан. Төрттік мүшелері демек, БҰҰ-ы, Европа одағы, Ресей және АҚШ жол картасы деп аталатын, Таяу шығысты бейбіт реттеу жөніндегі, жоспардың демеушілері. Жоспар 2005 жылғы қарай Палестин мемлекетін құруды көздейді. Осы төрттік өкілдері кеше ертемен Женевада осы айдың айдың аяғына қарай Нью-Йоркта өтетін министрлер деңгейіндегі бас қосуға дайындық мәселелерімен кездесті. Палестин басшысы Ясер Арафат Осло бейбіт келісіміне қол қойылуының 10 жылдығын атап өту барысында Израилды бейбіт келісулерге оралуға шақырды.
XS
SM
MD
LG