Accessibility links

Дүниежүзілік сауда ұйымының Мексикадағы бес күндік келіссөздері ғаламдық жаңа келіссөздер турасында нәтижесіз аяқталды.


Дәулетті елдер мен дамушы елдердің сауда министрлерінің бес күнге жалғасқан кездесулері жексенбі күні олардың әрқайсысының бірін-бірі айыптап, кінәлауымен бітті. Дамушы елдер АҚШ пен Европа одағы фермерлерге субсидия бөлуді азайтсын десе, бай елдердің өкілдері өз тауарларына дамушы елдердің тұтыну базарына жету жолдарын іздеген. Сауда ұйымының 146 мүшесі арасындағы келіссөздер ешбір мәмлесіз аяқталған. Министрлердің келесі кездесуі желтоқсан айының 15-де өткізілетін болады.
XS
SM
MD
LG