ҚАРАҒАНДЫ: Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, “Музыкалы Сарыарқа-2003” фестивалінің шеңберінде Қарағанды қаласындағы “Шалқыма” концерт залында АҚШ-тан келген “Феникс” атты шекті квартет тегін концерт қойды. Ол концерт Корнеги-холдың мәдени тәжірибе алмасу жөніндегі халықаралық бағдарламасы мен АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің бірлесіп жүзеге асырған шарасы арқасында мүмкін болып отыр. Америкалық музыкашыларды Қарағандыға сапарға Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Стивен Һайс ертіп барған. Бұл – америкалық шекті квартеттің Орта Азияға бірінші гастролі көрінеді.
Қарағанды қаласындағы “Шалқыма” концерт залында АҚШ-тан келген “Феникс” атты шекті квартет тегін концерт қойды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
СПИД-пен күрес күні
"ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес