Accessibility links

Қазақстан жаңалықтары.


Павлодар облысының бұрынғы әкімі, Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының түрмеде отырған жетекшісі Ғалымжан Жақияновтың үстінен жаңадан төрт қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 15 қыркүйекте Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасарыҚозыкөрпеш Кәрібозов баспасөз-мәслихатында мәлімдеді,-деп хабарлөайды біздің Астанадағы тілшілеріміз.

Қазақстанның астанасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайының ашылуына 6 күн қалды. Бүгін астанадағы "Бәйтерек" деп аталатын монументтің айналасына 18 делегацияға арналып, әрқайсысы 8 қанатты ақшаңқан қазақтың киіз үйлері тігілмекші. Құрылатай өтетін екі күн бойына әр делегация өз шаңырақтары астында бәрі бір мезгілде дұға оқитын болады.
XS
SM
MD
LG