Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Ирақ сапарында.


Кеше ол 1988 жылы химиялық қарумен адамдарды қырған жер - Ирақтың солтүстігіндегі күрдтердің Налабиа қаласына барды. Ол Саддам Хусейін жүйесі жасаған газ шабуылында қаза тапқан 5 мыңдай күрдтер жерленген мемориалды кешенде болды. Сондай-ақ БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Ирақтағы биліктің мүмкіндігнше тез арада оның өз адамдарына берілуі керектігімен келісті деген. Ол БҰҰ-ы Ирақ тұрғындарына елін басқауруға көмектеседі, бірақ билікті өз қолына алмайды деп айтқан. - Біз Ирақ адамдарына өз жерлерін басқаруға көмектесе аламыз. Бірақ бұл БҰҰ-ның Ирақты басқару мәселесі емес. БҰҰ-ы белгілі бір роль атқарады, бірақ оны Қауіпсіздік кеңесі айқындап беруі қажет. Бұған қол жеткізуге болады, әрине айналадағы қауіпсіздік жағдайы да оған әсер етеді, - деп атап көрсеткен ол. Кеше Бағдадта бір американ солдаты қаза тапқан, ал Қалкия қаласында белгісіз біреулер полиция басшысына шабуылдаған.
XS
SM
MD
LG