Accessibility links

Қазақстандағы жеке-меншік лаборатория мұнайды сараптауға құқық беретін ИСО 17025 деп аталатын сапаның халықаралық сертификатын алады.


АЛМАТЫ: 2003-інші жылдың қарашасында “ғылыми-зерттеу және өндірістік “Нефтегаз Ақтау” институты – мұнайды сараптауға құқық беретін ИСО 17025 деп аталатын сапаның халықаралық сертификатын алады. ”ҚР-сындағы мұнай мен газды өндіру саласы мен тасымалдауды қолдау” жобасының жетекшісі әрі Еуропа Комиссиясының Қазақстандағы өкілі Жан-Луи Тырлэ бүгін Алматыда осылай деп мәлімдеді. Оның хабарлауынша, мұнай анализі бойынша 2002-інші жылы тендер өткізіліп, оған 7 компания қатысқан. Нәтижесінде “НефтеГаз Ақтау” институтының тәуелсіз лабраториясы таңдап алынған. Жан-Луи Тырлэнің пікірінше, ол - мұнайдың сапасын халықаралық стандартқа сай бағалайтын ең бірінші лаборатория болып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG