Accessibility links

Қазақстан экспортының негізгі бөлігі – 21, 7 пайызы Бермуд аралдарының үлесіне тиеді.


АСТАНА: 2003-інші жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан экспортының негізгі бөлігі – 21, 7 пайызы Бермуд аралдарының үлесіне тиген. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының статистика Агентігінен Қазақстан тудэй агенттігіне хабарланған. Экспорт көлемінің 15,5 пайызы Ресейдің, 11,8 пайызы Қытайдың, 11,4 пайызы Швейцарияның үлесіне тиеді. Вирджиния аралдарының үлесі Батыс және Шығыс Еуропа елдерінің үлесінен де жоғары тұр. Қазақстанға импортталатын өнімдердің 40 пайыздан астамы Ресейдің үлесіне, Германия, Қытай, АҚШ, Ұлы Британия, Италия және басқа елдердің үлесіне келеді. 2003-інші жылдың қаңтар-шілде айларындағы Қазақстанның сыртқы тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда – 31 пайызға дерлік өсіп, 11 млрд. 432 млн. долларды құраған.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG