Accessibility links

Халықаралық хром өндірісшілерінің конференциясы


Алматыда Халықаралық хром өндірісін дамыту жөніндегі қауымдастық конференция өткізді. Онда заңдық және экологиялық мәселелер қозғалды.

16 қыркүйекте Қазгидрометтің мәжіліс залында Халықаралық хром өндірісін дамыту жөніндегі қауымдастықтың денсаулықты,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті әлемнің ірі хром өндірушілер өкілдерінің қатысуымен өз жұмысын бастады. Бұл басқосудың маңыздылығын Евразия өндірістік ассоциациясының вице президенті Николай Радоцтовец саралап, айтып берді.

Мәжілістің басты қарастырған мәселесі Европа, Үндістан, Қазақстан, Оңтүстік Африка және АҚШ -тағы қоршаған ортаны қорғауды заңдық тұрғыдан жетілдіре түсу жайттарына арналды. Нақтылай айтқанда, хром өндірісінің дамуы мен оның экологиялық ахуалы сөз болды.

Әлемде хром өндірісі айтарлықтай пайда әкелумен қатар, қоршаған ортаға да зиянын тигізуде. Дамушы елдермен бірге дамыған мемлекеттердің өзі бұл мәселеде тығырыққа тірелген сыңайы бар. Оған жоғарыда аталған елдердегі хром өндірісінің көлеңкелі жақтары себеп. Сонау 1984 жылы Халықаралық хром өндірісін дамыту жөніндегі қауымдастық құрылған.

Аталған коммерциялық емес өндірістік қауымдастық хром өндірісшілерінің әлемдік деңгейде бір-бірімен тәжірибе алмасып тұруы үшін, олқы тұстарымен озық жақтарды ортаға салу үшін жұмыс істеп келеді. Бұл ретте басқосуды жүргізіп отырған Николай Радоцтовец жұмыстың нәтижелі болатындығына сенім білдіріп, мәжілісті қорытындылады.
XS
SM
MD
LG