Accessibility links

Бангкок конференциясы миналардан құтылуға шақырады


Үстіміздегі аптада мина, фугасты бомбы қолдануына қарсы науқаншылар Багкокта халықаралық конференцияда кездесіп, ол қауыпты құралдардан құтылу мәселесін талқылауда.

Минаға қарсы халықаралық ұйым Бангкокта өтетін 5 күндік конференцияға 70 мемлекеттен 250 өкіл жіберіп отыр. Олардың арасында фугасты бомбыны залалсыздыратындар, зерттеушілер бар. Мұндай жиын 1997-жылдан бері 5-рет өтіп отыр. Халықаралық ұйым өкілі Сю Викслердің тілшімізге айтуынша, бүкіл әлем елдерінде соңғы жылдары фугасты бомбыны қолдану айтарлықтай азая түскен, дегенмен бұл салада атқарылар жұмыс та аз емес.

- Біз барлық мемлекеттерге минаны жою жөніндегі шарттарды орындау бойынша талаптар қойып келеміз. Бұл орайда Азияда атқарылар жұмыс көп. Азия елдерінде фугасты бомбыларды көптеп жасап, оларды қолданатындар аз кездеспейді, - дейді Викслер.

Оның айтуынша, адамдарға қарсы қолданатын миналардан пайдалану бұл халықаралық заңды бұзу болып есептеледі. - Адамзат өміріне қарсы ол қаруды қолданатын мемлекеттер, шартқа қол қоймаса да , халықаралық гуманитарлық заңды бұзған болып есептеледі, - дейді Викслер.

Сю Викслердің айтуынша, минаға қарсы шараларды іске асыруда Ирақ пен Ауғанстанда бір шама жетістік байқалады. АҚШ шартқа қол қоймаса да Ирақ соғысында адамдарға қарсы фугасты бомбылардан пайдаланбаған.

– Біз АҚШтың бұл арекетіне ризамыз. Рас, американдықтар Ираққа да ондай қаруларды ала келген. Бірақ, 1991-жылғы сықылды ол қарулар Ирақта қолданбады. Оған себеп, Британия сияқты одақтас елдер АҚШтан ол қаруды қолданбауды талап еткен, - дейді Викслер.

Оның айтуынша, Ресей, Қытай, Үндістан, Пәкістан және АҚШ сықылды елдер 1997-жылғы келісімге қол қоймағанымен, бұл салада бір шама шараларды іске асырса болады.

Қытай сықылды кейбір елдер мина экспортына мораторий жариялаған. Ол елдерде минаны қолданбаумен қатар оны жою шаралары да іске асырылуда. Қысқасы , біз екі бағытта жұмыс істеудеміз. Бір жағынан халықаралық шартты іске асыру болса, екінші жағынан адамзатқа қарсы қаруларға тиым салу шараларын қадағалаудамыз, дейді Викслер. Оның айтуынша, бұл салада Ауғанстандағы игі жұмыстар назар аударарлық. - Ауғанстанның өткен жылы бұл шартқа қосылуы үлкен жаңалық. Бұл елде минадан тазалау және ол қару құрбандарына көмек беруге қомақты қаржы бөлінген, - дейді Викслер.

Оның айтуынша, енді мина мәселесін шешуде өзге елдерді кіналап отыратын уақыт емес. Рас, кезінде 1980-жылдары Ауғанстанда сәуеттік әскерилер миллиондаған мина қалдырған. Оның үстіне олардың орналасу картасын да құпия ұстаған. Викслердің деректерге сүйеніп айтуынша, 1980 жылғы сәуеттік басқыншылық кезінде Ауғанстанның барлық аймағында миналар қолданылған. Бірақ ол қаруды өзге елдер де қолданғаны рас.

- Бұл қарудан түгел бас тартпай отырып, ол мәселені шешу өте қиын. Мина қолданатын болса не үшін қаржы беріп шығынға түсеміз дейтін елдер де бар. Сондықтан Ауғанстанның халықаралық шартқа қосылуы аса маңызды қадам, - дейді халықаралық ұйым өкілі.

Бангкоктағы бұл конференцияға шартқа қол қоймаған бір қатар елдер де өз өкілдерін жіберген . Олар – Қытай, Вьетнам және Лаос. Бірақ АҚШтан ешкім келмеген.
XS
SM
MD
LG