Accessibility links

БҰҰ ресми өкілі АуғанстанҚорғаныс министрінің қызметтен алынуын талап етті


БҰҰның тұрар үй-жай мәселесі бойынша өкілі Қабулдағы жер басып алу дау-дамайына орай Ауғанстан Қорғаныс министрі Мохаммад Қасым Фахим және өзге де бір қатар жоғары деңгейлі басшылықтың қызметтен алынуын талап еткен.

Бірақ олар ешқандай заңсыз әрекетке барған емеспіз, дейтін көрінеді.

Ауғанстаннан жолданған хабарларға қарағанда, Қабул қаласынының Шерпур ауданында, жоғары дәрежелі басшылар үшін тұрақжайлар салу мақсатында лай-пахсадан тұрғызылған 20 шақты шағын үйдің тұрғындарын көшіп кетуге мәжбүрлеген.

Адам құқықтары бойынша бейүкіметтік тәуелсіз комиссия Шерпур ауданынан арзымаған бағаға жер телімдерін сатып алған 29 ресми және беделді адамның тізімін жариялаған. Олардың арасында 6 министр, Қабул қаласының әкімі, Ұлттық банк жетекшісі және бұрыңғы 2 әскери қолбасшы бар екен.

Олардың ішінен аса белгілі тұлғалар – Қорғаныс министрі Фахим және Білім беру министрі Қануни. БҰҰнан жер мәселесі бойынша маман Милун Котари Қорғаныс министрі Фахим мен өзге басшылықтың жер телімдерін заңсыз жолмен алғандықтарын айтып, олардың қызметтен алынуын талап еткен.

- Қорғаныс министрі Фахим жер басып алуға тікелей қатысқан. Сондай әрекетке барған барлық министрлер қызметтен алынуы керек, - дейді Котари. Бірақ министр Фахим ол айыптауларға өз ойын білдірмеген.

Бұл жөнінде буқаралық ақпарат қуралдарында жария болып кеткеннен кейін президент Қарзайдың өкілі Жавад Лұддин,

- Президенттік әкімшілік Шерпурдағы қиратылған үйлер мәселесі бойынша тергеу жүргізетін арнайы комиссия тағайындады, - деген.

Ал президент Хамид Қарзайдың өзі бұл жер мәселесіне аса ашулы көрінеді. Жер алған министрлер тізімінде жоқ - Қайта құру министрі Амин Фархаң тілшімізге президенттің бұл жөнінде өткен аптада ғана білгендігін айтып,

- Бұл мәселе өткен аптада кабинетте қаралды. Президент Шерпурдан жер алған барлық азаматтардан ол жөнінде сұрап шықты. Менің білүімше, жер алмаған бес-ақ министр бар екен, - дейді Фархаң.

Амин Фархаңның айтуынша, өтпелі кезең үкіметінің абырой-беделін сақтап қалу үшін қатаң шаралар қолданылуы тиіс. - Үкімет таратылған ол жерлерді қайтарып алып, оларды қатардағы азамат бола ма, не кабинеттен ресми басшы бола ма, әйтеуір заңды құқыққа ие адамдарға қайта беруі керек, - дейді Фархаң.

Ал Білім министрі Қануни Адам құқықтары бойынша тәуелсіз комиссияға саяси жетекшіліктің беделін кемейту үшін жалған мәліметтер берілген дейді.

- Рас, маған да жер берілген. Бірақ әкімшіліктің заңға орай берген жері мен зорлықпен басып алған жер арасында парық бар ғой, - дейді Білім министрі.

Ал, өзі де жер алған Қабул әкімі орынбасары Асғаридің тілшімізге айтуынша, Шерпурден жер берілген ресми және әскери басшылық тізімін Қорғаныс министрі жасаған.

- Шерпурдағы ол жер Ауғанстан Қорғаныс министрлігінің иелігінде. Заңға орай, кезкелген үкіметтік институт өзіне тиесілі жерді не істесе де өз еркі. Сондықтан Қорғаныс министрлігі ол жерлерді атамекенді және бостандықты қорғаған әскери қолбасшыларға және ресми басшылыққа бөліп берді, - дейді әкім орынбасары.

БҰҰның Ауғанстандағы арнайы өкілі Брахимидің Вашингтон Пост газетіне айтқанындай, Шерпурдағы ол жерлердің таратып берілуі заңға қайшы нәрсе.
XS
SM
MD
LG