Accessibility links

Бірыңғай экономикалық кеңістік құру мәселесіне қазақстандықтардың пікірлері әр-алуан


Қыркүйектің 18 –і мен 19-ы күндері Ялта қаласында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері Басшыларының саммиті өтеді.

Онда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің 2003-2010 жылдары экономикалық жүйеде өзара қарым-қатынастың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланбақ.

Жалпы, біріңғай экономикалық кеңістік құру мәселесіне қазақстандықтардың пікірлері әр-алуан.

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченконың пікірінше, бұл әлдеқашан пісуі жеткен мәселе.

- Бұндай жағдай оң нәтижелерге қол жеткізеді. Алдағы уақытта 4 мемлекеттің басшылары қол қоятын тиісті құжатты өз басым қолдаймын, - деді ол.

Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Әбдрахмановтің бұл тұрғыдағы пікірі басқаша. Ол біріңғай экономикалық кеңестікте болу Қазақстан үшін тиімсіз деп есептейді.

– Cебебі, бізде шикізат өндіретін, жер қазба байлықтарын сыртқа тартып жатқан фирмаларға бұл өте ыңғайлы. Ал, дайын бұйым шығаратын өнеркәсіп бізде әлі дамымаған. Біз ертең Ресей, Украина, Беларуссиямен таласа алмаймыз. Себебі, олардың тұтыну тауарлары, өндірістері бізге қарағанда дамыған деген пікірді айтты.

Қатардағы азамат Нұрлан Әлиев, алдымен Қазақстан экономикасын нығайту керек деген ойды айтты.

Мәжіліс депутаты Ермек Келемсейттің пікірінше, әсіресе, Қазақстан ортақ экономикалық кеңістіктен болудан ұтылмайды.

- Біз аграрлық мемлекетпіз. Бүгінгі күні ауылшаруашылығында қолданылатын техниканың бәрі Ресейден, Украинадан, Беларуссиядан әкелінген. Бұл мемлекеттердің ауыр өнеркәсібі қарқынды дамыған. Олардың өндірген өнімдерін біздің мемлекетіміз бұрыннан көптеп пайдаланып келеді. Біздің азаматтарымыз ол техникаларды меңгерген. Осы орайда біріңғай кеңістік құрып, ортақ валютаны шығарса, одан ешқандай мемлекет ұтылмайды.Әсіресе, Қазақстан мемлекеті ұтылмайды деп ойлаймын.

Аталған мәселеге орай Парламент Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтің пікрін білген едік.

- Қазақстан еуразиялық кеңістіктің тұйықтау жерінде жатыр. Әлі де болса шығаратын бұйымдары көп. Бірақ оны әлемдік рыноққа шығаратын жолдар аз болып тұр. Осыған байланысты бұрынғы әлемдік рынокпен қарым-қатынаста жатқан транзиттік жолдары басым, жол-жөнекей рыноктарға ықпал жасағысы келеді. Бұл бір. Екіншіден, Қазақстанның шығаратын бұйымдары тұтыну қабылетінен әлдеқайда артық. Бұйымдарын тұтынатын жаңа кеңістіктер қарайды. Сондықтанда арғы үлкен рынокқа жете алмайтын болса, бергі рынокта өтімділікке жету үшін ең болмаса, орыстарға, беларусьтарға, украиндарға сату үшін, немесе олардың тауарларын өзімізге жеткізу үшін осылай сауда-саттық, алмастыққа қажет шара деп қабылдап жатқан болу керек.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайдың пікірінше, біріңғай экономикалық кеңістікте болу Қазақстан үшін пайдалы.

- Еркін экономикалық аймақ болған, ол-экономиканың өркендеуіне, мемлекетаралық қарым-қатынастың, тауар айналымының нығайуына әсер етеді. Одан зиян жоқ.

Парламент Мәжілісінің депутаты Виктор Весниннің пікірі, біріңғай экономикалық кеңестік құру мәселесіне қатысты іс–шаралар жүргізіп жатқан төрт мемлекеттің экономикалары терең қарым-қатынаста болғандықтанда ортақ экономикалық қарым-қатынасты жүргізуді белгілеу қажет дегенге саяды.

Қала тұрғыны Қалкен Зәкәриянов те, біріңғай экономикалық кеңістікте болуды пайдалы деп есептейді. Себебі кеден тәртіптері түзеледі.

Біріңғай экономикалық кеңестікті құру мәселесіне қатысты пікірлер әр-қилы. Мәселенің нәтижесі, әрине, уақыт үлесіндегі дүние.
XS
SM
MD
LG