Accessibility links

Дүниежүзілік сауда ұйымының ғаламдық сауда жөніндегі келіссөздерінің сәтсіз аяқталуынан кім не жоғалтты?


Европа одағында Мексиканың курортты аймағы Канканда бес күнге жалғасып, бірақ нәтижесіз аяқталған ғаламдық сауда келіссөздері жөніндегі келісімдердің сәтсіздігі жайында сөз болуда.

Өйткені оған қатысушылардың барлығы да бірқатар мүмкіндіктерін жоғалтты. Ал Европа одағының сауда өкілі Паскаль Лэмидің айтуынша, ең бастысы кедей елдердің бұл ретте жоғалтқандары көп деуге болады екен.

Европа одағының сауда өкілі Паскаль Лэми Дүниежүзілік сауда ұйымының Мексикадағы жексенбі күні сәтсіз аяқталған бас қосуында пайда емес, тек жоғалту жағдайы болды дегенде нені меңзегені турасында қыркүйектің 16-ы күні журналистерге бірнеше мысал келтірді.

-Мәселен Үндістан неғұрлым дәулетті деген елдерден мақта-мата – тоқыма өнімдерінің әкеліну үлесінен айрылды.

Сондай-ақ батыс Африканың мақта өндірушілерін мүлде ешнәрсесіз, бос қалды, өйткені бай елдер өздерінің мақта өндірушілеріне субсидияны қықартумен келіспей қойды дейді ол.

Ал өзінің тұтыну нарығын басқа елдерге ашуда ұзақ жолдан өткен Қытай болса, өзге елдердің де экономикалық жүйелерінен өзіне қатысты осындай қадамдарға баруын қанша сұрағанымен де, оған көздерін жеткізе алмай қойды. Мұнымен қатар Бразилия мен Мексика сияқты әлемдегі ауылшаруашылық өнімдерінің жетекші елдері болып табылатын елдер де, сәтсіздікке тап болды.

Европа одағы да өз бұйымдары мен тауарларына жоғары деңгейде нарықты қамтамасыз ете алмағандықтан да өзіндік қолайсыздыққа кез болды деп айтуға болады деген Паскаль Лэми. Сондай-ақ өз кезегінде АҚШ сияқты көптеген дамушы елдердің өз жоғалтқандары бар, десек те мұндағы ең бір жеңіліс тауып, мүлде бос қалған әлемнің кедей деген, арттағы елдер болды деп атап көрсетеді ол:

- Егер салыстырып қарайтын болсақ, біз өмір сүріп жатқан белгілі бір жағдайды күрделендіре алатын бағыты бар, демек, күштілер одан сайын мықты бола алатын, әлсіздер одан сайын әлсіздене түсетін, нарық капитализмі деп аталатын жүйеде ереже аясында алсақ, түзетуге тиіс сәйкессіздікті жою үшін біз алға қарай үлкен бір қадам жасай алмаймыз.Міне бұл біз жоғалтқан мүмкіндіктің құны. Менің ойымша бізге жүйені неғұрлым таразылай түсетіндей ережелер қажет. Біз мұндай ережелерді көбірек жасамасақ, кім жоғалтады, менің ойымша дамушы елдер жоғалтады, - деп атап көрсеткен Паскаль Лэми.

Бұл ретте Лэмидің айтып отырғаны Канканда күн тәртібінде болған нарықтарды ашуға бағытталған айқын да анық ғаламдық ережелер. Дүниежүзілік сауда ұйымының бұл бас қосуының аяғына дейін Европа одағының алаңдаушылық білдіргені - халықаралық саудадағы сыбайластық пен бюрократияны азайтып, қысқартуға арналған жан-жақты міндетті ережелер жөніндегі талаптар болатын. Бұған қосымша Европа одағы кейбір дамушы елдермен бірге мұндай жетекші ғаламдық принциптерді үкіметтік жабдықтау, инвестиция мен жарыс, бәсеке саясатында ұстануды қалаған.

Ал кейбір кенжелеп дамыған елдер болса, келіссөздердің сәтсіз біткенін Европа одағы және АҚШ, Жапония сияқты елдерге қатысты өз күштерінің өсуінің дәлелі ретінде қабылдаған болатын.

Ендігі жерде дәулетті бай елдер екіжақты, не болмаса аймақтық қана сауда қатынастарына барып, өздері таңдаған көршілерімен, әріптестерімен ғана жұмыс істеуі мүмкін. Дегенмен де Лэми Европа одағы көпжақты бағытты ұстанып қала береді деген, бірақ та Дүниежүзілік сауда ұйымындағы келіссөздерді қайта жаңғырту, оның тәсілдерін өзгертпейінше мүмкін болмайды деп ескерткен ол.

- Мен мұны мүлде өліп қалды деп ойламаймын, бірақ ол мүмкін белгілі бір аралықта қозғалыста болуы да. Женевадағы елшілік денгейіндегі талқылаулар біз процедураларды қайта қараған соң, ғана басталуға тиіс. Менің ойымша процедураларды жаңарту барлық 146 елдің ортақ бір көзқарастағы проблемасы болуы керек, содан кейін барып біз ол туралы келісе аламыз. Бұл көп уақытты қажет етеді, - деген Паскаль Лэми.

Европа одағының сауда өкілі кездесу барысында жазған хатында Дүниежүзілік сауда ұйымын "орта ғасырлық" ұйым деп атап, түрлі проблемаларды талқылаған 140-тан астам министрдің келіссөздерін бір ізге түсіріп, реттеудің жолдары жоқ болды деген ұйғарым жасаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG