Accessibility links

АҚШ халықаралық терроршы Хамбалиді ұстағаны үшін Тайландқа 10 млн. доллар сыйақы берді.


Халықаралық терроршы Хамбалиді ұстағаны үшін Америка Құрама Штаттары Тайландқа 10 млн. доллар сыйақы берді. Хамбали – “Жамия Исламия” атты исламшыл ұйымның белсенді жетекшілерінің бірі саналады. Ол ұйымға 200-ден аса адамның өліміне себеп болған индонезиялық Бали аралындағы террористік қастандық үшін айып тағылуда. Хамбали Тайландтың Аютхайя қаласында қолға түсіп, Америка Құрама Штаттарының қолына берілді.
XS
SM
MD
LG