Ирақта коалициялық күштердің жауынгерлеріне тосын шабуылдар жасау тоқтамай тұр. “Франс пресс” агенттігінің хабарлауынша, кеше күн батқанда Бағдадтың іргесінде белгісіз біреулер АҚШ-тың әскери керуенін атқылап, 3 АҚШ жауынгері жараланды. Бағдадтан солтүстікке қарай орналасқан Балад қаласындағы армия күзетін гранататқыштан атқылаудың салдарынан тағы АҚШ жауынгері жараланды. АҚШ президенті Дж.Буш соғыс қимылдарының аяқталғанын жариялаған 1-ші мамырдан бері Ирақта коалиция жауынгерлеріне қарсы шабуыл күнде жасалып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV