Accessibility links

“Қазақгейт” жанжалына байланысты ШевронТексако сотқа шақырылды.


"Қазақгейт" деген атпен әлемге әйгілі Қазақстанның мұнай индустриясы төңірегіндегі парақорлыққа байланысты туындаған жанжал бойынша Американың Шеврон Тексако мұнай компаниясы сотқа шақырылып отыр.

Вашингтон. АПА хабарлайды. Американың Шевронтексако корпорациясы өзінің Қазақстан мұнай индустриясына қатысты әйгілі "Қазаққгейт" жанжалы бойынша сотқа шақырылып отырғанын растады. Америкадағы екінші ірі мұнай компаниясы болып табылатын Шевронтексако өзін тергеу нысанаға алып отырғанын мәлімдеді. Осы жылдың 7 мамырынан бері компания тергеу сұраған құжаттарды ҚШ Әділет министрлігіне тапсырып жатырмыз дейді. ҚШ Әділет министрлігі ҚШ мұнай компаниялары Қазақстанның жоғары шенді шенеуніктерін параға сатып алған деп біледі. Әділет министрлігі американдық кәсіпкер Джеимс Гиффен Америка мұнай компаниялары атынан қазақ жағына пара берген деп біледі. Осы жылдың 31 науырызында Нью-Йорк банкирі Джеимс Гиффенге Америка мұнай компанияларының атынан жоғары шенді 2 қазақ шенеунігіне 78 миллион долларлық пара берген айып тағылғаны аян. Мұнай компаниялары бұндай параны қазақ жағына Батыс Қазақстан мұнайын игеру үшін тиімді контрактыларға қол жеткізу үшін берген. Нью-Йорк қаласының Манхэттан ауданы прокуратурасының айтуынша, Джеимс Гиффен ол кезде Қазақстан өкіметінің шетел инвестициясы бойынша кеңесшісі қызметін атқарған. Америка прокуратурасының айтуынша, Гиффен әртүрлі мұнай компанияларынан пара алып қазақ шенеуніктерінің Швейцар банкіндегі есепшоттарына 1995 жыл мен 2000 жыл арасында ондаған миллион доллар аударған. Қылмысты деп табылған жағдайда 20 жылдық абақтыға отырғызылатын Джеимс Гиффен 10 миллион долларды кепілдікке сотқа тастап бүгінде сайрандап бостандыққа жүр. Бұ мәселеге түсінік беруден Әділет департменті бейсенбі күні бас тартты. Маусымның 13 күні болса, Мобилоил компаниясының бұрынғы басшыларының бірі Браян Уилиямс қазақ жағымен келіссөзге қатысудан тапқан 7 миллион доларына салық төлемегені үшін айыпты деп табылды. 1996 жылы Мобилоил Қазақстанның Теңіз мұнай кенішіндегі 25 пайыздық Қазақстан өкіметінің акциясын иеленгені белгілі. Теңіз мұнай кенішінің жамбасында 6 миллиард баррел мұнай жатыр делінеді. Сот үкімімен Браян Уилиямс осы аптада яғни қыркүйектің 18-і күні абақтыға жабылмақ. Шевронтексако компаниясы Қазақстанның Қарашығанақ газ кенішінен 20 пайыздық акция алған кезде қазақ жағына үлкен көлемдегі пара берді делініп отыр. Өткен аптада Компания өкілі Марипат Секстон ханым:

"Қазақ жағына төленген барлық қаржылар үкіметтің айтуымен Америка және жергілікті заңдарға сәйкес үкімет есепшоттарына аударылған", - деді.

Марипат Секстон ханым Қарашығанақ жобасына орай қазақстандық әріптестерімен болған келісімдерге қатысты одан басқа ақпарат беруден бас тартты деп жазады АП.
XS
SM
MD
LG