Accessibility links

Ауғанстан астанасындағы қауіпсіздік қызметінің басшысы Басир Саланги қызметтен босатылды.


Ауғанстандық ақпарат құралдары мен ауған үкіметіне жақын ақпарат көздерінің хабарлауынша, Ауғанстан астанасындағы қауіпсіздік қызметінің басшысы Басир Саланги қызметтен босатылды. Бір болжам бойынша, жоғарғы мемлекеттік шенеунектердің кеңселерін тұрғызу үшін, Басир Саланги осыдан 2 апта бұрын Кабулдың орталығындағы 30-ға жуық үйді қиратуға бұйрық берген. Ол шара БҰҰ-ы өкілдерінің наразылығын туғызып, соған байланысты Ауғанстан жетекшісі Хамид Қарзай ол істі дереу тергеуге нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG