Accessibility links

Г.Шредер: Ирақ полициясы мен жаңадан құрылып жатқан армияның әскерилерін оқытуға Германия қолұшын беруге дайын.


Ирақ полициясы мен жаңадан құрылып жатқан армияның әскерилерін оқытуға Германия қолұшын беруге дайын. Немістердің “Хандельсблатт” газетіне берген сұхбатында Германия канцлері Герхард Шредер осылай деп мәлімдеді. Бірақ, ол атап көрсеткендей, бұл ұсыныстың Ираққа байланысты БҰҰ-ының Қаулыларына еш қатысы жоқ. Г.Шредердің сөзіне қарағанда, Ирақты қайта көтеру ісінде БҰҰ-ы маңызды роль атқаруға тиіс, алайда Ирақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ол Ұйымның қауқары жетпейді. Алдағы аптада, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Нью-Йорктегі сессиясы кезінде Ирақтағы соғыс қимылдары басталғаннан бергі Г.Шредер мен АҚШ президенті Дж.Буштың бірінші кездесуі болады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG