Accessibility links

АҚШ-та бұрынғы Ирақ диктаторы Саддам Хусеиннің 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористік қастандыққа қатысы болғаны жөнінде дерек жоқ.


Америка Құрама Штаттарында бұрынғы Ирақ диктаторы Саддам Хусеиннің 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористік қастандыққа қатысы болғаны жөнінде дерек жоқ. АҚШ президенті Дж.Буш осылай деп хабарлады. Алайда, деп баса атап көрсетті Дж.Буш, 3 мың адамның құрбан болуына себеп болған террористік қастандықты ұйымдастырған “Әл-Қаида” тобымен С.Хусеин сөзсіз байланыста болды. Құрама Штаттарында жуырда сауалнаманың қорытындысы жарияланып, оған сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың 2-ден 3-і ол қастандыққа С.Хусеиннің тікелей қатысы бар деп санайды.
XS
SM
MD
LG