Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бүгін араб мемлекеттері кіргізген қаулының жобасын талқылауға тиіс


Араб мемлекеттері Израил жөнінде кіргізген қаулының жобасын Америка Құрама Штаттары вето құқығып пайдаланып, сейсенбі күні тоқтатып тастаған. Палестина басшысы Ясир Арафатты Израил елден қуып жібереді, деп сескенеді араб мемлекеттері. Ясир Арафат кеше Израилді жаңа бейбіт келісімін жасауға шақырды. Израил болса тыныштықты орнатуға дәл Ясир Арафат айыпты, сондықтан ол биліктен кетсін дейді. - Оқатуды тоқтату уақыт созудың жалғыз жолына айналды. Ясир Арафат соңғы он жылда осылай бәрімізді адастырып келеді, ол осы аймақта қалудың амалын осыдан қане тауып отыр, - деп мәлімдеді кеше Израил сырты істер министрі Сильван Шалом. Ясир Арафат бүгін жаңадан тағайындалған бас министр Ахмед Кюриемен үкімет құрамын жасақтауды талқылай бастайды. Дегенмен, АҚШ президенті Джордж Буш Ясир Арафаттың басқару қабілетіне күмән айтып, кеше пікір білдірді.
XS
SM
MD
LG