Accessibility links

Бүгін Франция, Германия, Ұлыбритания елдерінің жетекшілері Ирақ мәселесіне байланысты өздерінің ұстанымдарын талқылады.


Кездесу соңында үш елдің жетекшісі Ирақты қайта қалыптастыруда негізгі ролді БҰҰ алуы керек деген ұйғарымға келді. Дегенмен, Берлин, Париж бен Лондонның Ирақ мәселесіндегі кейбір пікір қайшылықтары әлі де қалып отыр дейді- Германия канцлері Герхард Шредер. Ұлыбритания премьер министрі Тони Блэр бұл кездесуден кейінгі айтқанында: - Мен ойлаймын, Ираққа қатысты мәселеде біздің пікірқайшылықтарымызға қарамастан, біз бәріміз де тұрақтанған Ирақ елін көргіміз келеді. Бәрі де тезірек Ирақтың демократияланған үкіметін көруге асық. Және осы жағдайда басты ролді БҰҰ атқарғаны дұрыс деп білеміз дейді- Тони Блэр. Франция президенті Жак Ширак пен Германия канцлері Шредер алдағы аптада жеке-жеке АҚШ президентімен келіссөздер жүргізбек. Шредер мен Ширак АҚШ-тың Ирақ жөнінде БҰҰ-на ұсынып отырған жаңа қарары ол елдегі билікті ирақтықтардың өзіне тезірек беруіне мүмкіндік бермейді деп есептейді.
XS
SM
MD
LG