Accessibility links

Бүгін Бағдадта Ирақтың Басқару кеңесінің мүшесі Акила әл Хашимидің көлігіне оқ атылып, ол қатты жараланды.


Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның халі ауыр жағдайда. Ирақтағы американ қолбасшылығының хабарлауынша, оған өз үйінің жанында оқ атылған. Шабуыл жасағандардың бірі ұсталған. Акила әл Хашими құрамында 25 адамы бар Басқару кеңесіндегі үш әйелдің бірі. Ол бұрын Ирақты Саддам Хуссейн басқарып тұрған кезде Баас партиясының мүшесі болған. Сондай-ақ, Хашими алдағы аптада БҰҰ-да Ирақтың орнын иелену үшін Нью-Йорке баратын Басқару Кеңесінің делегация құрамында болған.
XS
SM
MD
LG