Қазақстан, Ресей, Украина және Беларус басшыларының Бірыңғай экономикалық кеңестікті құру бастамасын Молдова президенті Владимир Воронин сынға алды, деп хабарлайды Итар-Тасс агенттігі Кишинеу қаласынан. "Бірыңғай экономикалық кеңестікті құрушылар ескі қателерді қайталап отыр, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын жетілдіруден ауытқып кетті",- деді Молдова президенті.
ТМД-нің алдыңғы қатардағы мемлекеттері білгенін істеп жатқан тұста Молдова Европа Одағына бет алуды жөн көреді, деді президент Воронин.
Грузия сыртқы істер министрі Ираклий Менагаришвили болса Бірыңғай экономикалық кеңестіктің құрылуын мұқият және ұқыпты бақылайтын боламыз деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?