Accessibility links

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі қарусыздандыру мәселесіндегі қарама - қайшылықтарға алаңдайды


Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы келесі аптада жойқын қару жөнінде үлкен әңгіме көтереді деп күтілуде.

Дегенмен қару жарақты бақылау мәселесі әлі де болса басты назарға ілінбей отыр, 1990-шы жылдардың соңында көтерілген мәселе кең өріс алмай келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қарусыздандыру жөніндегі жаңа орынбасары Нобюйасу Абей осындай алаңдаушылық танытады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының қарусыздану жөніндегі орынбасарлығына жаңадан тағайындалған Нобюйасу Абей – Жапонияның кәсіби дипломаты. Алдағы апталарда ол Бас Ассамблеяның қарусыздану жөніндегі комитетінде әжептәуір алға басу жасауға ынта салмақ. Алайда, Нобюйасу Абей бұл мәселеге қазірдің өзінде шүбәлі. Себебі, қарусыздану жөніндегі көпжақты келіссөздердің халықаралық деңгейде өтіп жатқанына бесінші жылдың жүзі болса да, келісім нышаны көрінетін емес. Женевада орналасқан Қарусыздану конференциясы қару- жарақты азайтудың мүддесі қырғи-қабақ соғысы аяқталғалы бері бірінші орынға шықпай отырғанын көрсетеді дейді Нобюйасу Абей.

Мәселен, осы жылғы сессия ядролық бөліну қабілеті бар заттардың өндірісіне тиым салу жөнінде келіссөз бастауға уәделесумен аяқталды. Қытай болса , ғарыш кеңестігінде қару- жараққа ұмтылуды тежеу жөнінде мәселе көтерді. Бұл ұсыныс тұйыққа тірелді. Қытай Америка Құрама Штаттарының зымыраннан қорғану жобасына алаңдайды. АҚШ болса мәселені атүсті талқылағысы келмейді.

Нобюйасу Абей сондай ақ, басты мәселенің бірі ретінде ядролық сынақтарға тиым салу бастамасының жерде қалғанын атайды. Осыдан жеті жыл бұрын қол қойылған келісім жүзеге аспақ түгіл, атом қаруына ұмтылған мемлекеттердің қатары өсе түсті. Атом қаруын таратпау жөніндегі келісімге қатыспайтын Үндістан, Пәкістан және Израилге міне Солтүстік Корея қосылды:

- Батыл қадамға баруға ынтаңыз жетпесе сіз апат жағдайға тап боласыз. Атом қаруын өндіру мақсатында атом бағдарламасын дамытқан, қаруды сынап, оны зымырандарға қондырған мемлекетке тап боласыз. Бұдан кейін Атом қаруын таратпау жөніндегі барлық тәртіп пен ынта күйреп, құрдымға кетеді, - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының қарусыздандыру жөніндегі жаңа орынбасары Нобюйасу Абей.

Біріккен Ұлттар Ұйымының негізгі бақылаушы мекемесі ретінде Халықаралық атом энергетика агенттігі өткен жұма күні Солтүстік Кореяға қайырылып, атом қаруы бағдарламасын тоқтатуды, халықаралық тексеруге жол ашуды тағы да талап етті. Мұндай талап өткен аптада Иранға да қойылды. Қарусыздану мәселесінің немқұрайдылығы Таяу Шығыста да кері әсерін беріп отыр. Израил атом қаруына ұмтылып отыр, дейді араб мемлекеттері. Израил мұны жоққа шығарса да, атом қаруын таратпау келісіміне қосылғысы жоқ. Америка Құрама Штаттары болса, Сирия химиялық қару өндіріп отыр деп біледі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG