Accessibility links

Бүгін Қазақстанда Әлем діндері өкілдерінің басқосуы басталды.


Астанада екі күндік осы конференцияға жиналғандар көптеген мәселелер қатарында Ислам әлемі мен Батыс арасындағы келіссөздердің жайын да ақылдасуда. “Діндер арасындағы келісім” деп аталатын бұл жиынға 17 түрлі діни ұйымдар өкілдері қатысуда. Ватикан, Әлемдік Ислам одағы, Православ шіркеуі және Израйлдің раббинаты аталған жиынға өз өкілдерін жіберген екен. Дүйсенбі күні БҰҰ-да террорлық әрекеттерге қарсы конференцияда сөйлеген сөзінде Пәкістан елбасы Первез Мушараф тұтас дінді фанатиктік бағытта деп айыптау қате дей келіп, Ислам әлемін Батыстың жақсырақ түсінуіне шақырды. Қазіргі кезде террорлық әрекеттердің Әл-қайда ұйымымен теңестіріліп, сондай-ақ өкінішке орай жаңсақ түрде Ислам дінімен шендестіріліп жүргені жөнінде ол айтып өтті.
XS
SM
MD
LG