Accessibility links

Президент Ақаев, Орталық Азия елдерінің дамуында Ресейдің орны ерекше, деді.


Қырғызстан президенті Асқар Ақаев сейсенбі күні, Ресеймен өзара жақын байланыссыз Орталық Азия елдерінің болашағы баянды бола алмайды, деді. Бейүкіметтік құрылым - Ресей Сыртқы саясаты және Қорғаныс кеңесінде сөйлеген Асқар Ақаев Ресейдің күшті экономикасы Орталық Азия елдерінің дамуына да септігін тигізеді, деді. Мәскеуде қол қойылған келісімге орай, Бішкек маңайындағы әуе базасында ресейлік 500дей сарбаз бен 12 орыс әскери ұшағы орналасады. Латвия президенті Вайра Вике Фрайберга, БҰҰ халықаралық дау жанжалдарды шешуде бас мәмілегер болуы керек, бірақ кей кезде бұл ұйым сылбырлық байқатады, деген.
XS
SM
MD
LG