Сербиялық прокурор Прийич Югославияның бұрыңғы президенті Слободан Милошевичті өз саяси қарсыласы - Сербияның бұрыңғы президенті Иван Стамболичті өлтіруге бұйрық бергендікте айыптады.
Стамболич 2000-жылы беймәлім жағдайда жоғалып, оның сүйегі үстіміздегі жылы табылған. Сондай-ақ, Милошевич оппозициядағы жетекші Вук Драсковичті де 1999-жылы қасақана өлтірмек болған.
Слободан Милошевич адамзатқа қарсы геноцитте айыпталып, 1990-жылдардағы соғыс қылмыскері ретінде халықаралық Гаага трибуналындағы сотқа жауап беруде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV