Танкілермен, тікұшақтардан атылатын тезатарлармен, гранаталармен, алыстан басқарылатын миналармен және басқа да әскери техникалармен жарақтанған Израил солдаттары Хевронда қолға түсуден бас тартып, жауап оқ атқан екі палестиналық жауынгерлерді атып өлтірген. Олар сондай-ақ Хамас тобының бір мүшесін және Исламдық жихадтың бір мүшесін, лагер ішіндегі шайқас кезінде өлтірген. Сонымен бірге, осы әскери тінтулер барысында 6 палестиналық және 6 израилдік солдаттар жараланған дейді Ассошиейтед пресс ақпарат агенттігі.
Израил әскерлері бүгін батыс жағалаудағы Хеврон қаласы және Газа аймағындағы босқындар лагерлеріне бірнеше мәрте әскери тінтулер жүргізген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?