Accessibility links

Қазақстан экспортқа 5,5 миллион тонна астық шығармақ


Қыркүйектің 25-і күні өткен Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының жалпы отырысында «Астық туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды.


Жоба бойынша баяндаған Қазақстан Республикасы aуылшаруашылық министрінің орынбасары Ақылбек Күрішбаевтің айтуынша, аталған заңға бірқатар маңызды өзгерістер енгізіліп отыр. Жобада элеваторлардың жауапкершілігін көтеру мәселесі де қамтылған.

- Астық қолхат қағаздары айналымға енгізілмек. Мұндай қағаздарды қолдана отырып, шағын қожалықтар екінші деңгейдегі банктен несие алатын болады. Бұл бағдарламаға Еуропаның Даму банкісі жылына 140 миллон доллар ақша бөлетін болды. Элеваторлар сақтау жұмысымен айналысады. Егер де сатылып жатқан бидайдың сапасы мен саны төмендесе, оған элеватор жауап береді.

Сондай-ақ ол, биылғы жылы Қазақстан экспортқа 5,5 миллион тонна астық шығаруды жоспарлап отырғанын айтты.

- Биылғы жылы дүниежүзінде 549 миллион тонна бидай өндіріледі. Ол былтырға қарағанда 15 миллионға кем.. Біздің есебіміз бойынша Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері импортқа 7,5 миллион тонна астық сатып аламыз деп отыр. Бұл былтырға қарағанда 2,5 есе көп болып отыр. Бізде 90 пайыз астық жиналды. Биыл 15 миллон тоннаға дейін астық жинаймыз деп отырмыз.

Сондай-ақ ол, биылғы жылы астық сапасының жоғары екенін, оған науқан кезінде қолайлы ауа-райының ықпалы болғанын айтты.
XS
SM
MD
LG