Accessibility links

“Қазақстан халықтарының тілдері” фестивалі жөніндегі ойлар


22 қыркүйек күні Республика бойынша, Қазақстан халықтарының тілдері фестивалі өтті.

Үстіміздегі жылы бұл фестивальға орай түрлі байқаулар ұйымдастырылып, арнайы «Достық үндері» атты күй табағы жарыққа шықты. Бұл күй табақта ноғай тіліндегі әндердің бар жоғын ноғай ұлтының баласы Әнұәр Құрманақаев білмейді. Бірақ Әнұәр Құрманақаев мүмкіндігінше тілдер фестиваліне қатысқысы келетінін айтады.

Әнұәр Құрманақаев, Ноғай қауымдастығының мүшесі: - Бұл фестивальға қатысқым келседе, қатыса алмаймын.

Қазақстан халықтарының тілдері фестиваліне қатыса алмайтының Әнұәр Құрманақаев өзінің ана тілін белмейтіндігімен түсіндіреді.Бірақ болашақта ол ана тілін үйренуді армандайды. Сонда фестивальге де қатысатын шығармын, деген ойда. Жалпы Әнұәр Құрманақаев мұндай фестивальдің болғаны дұрыс дегенді айтады, себебі Қазақстанда тұратын ұлттар әр-түрлі болғандықтан,олардың тіліде әр-түрлі.

Әнұәр Құрманақаевты Қазақстандағы күрдттер қауымдастығымен салыстырғанда, олар өз ана тілдерін жақсы біледі, бірақ оларда бұл фестивальға қатыспаған, оның себебін күрдтер қауымдастығының мүшесі Үсен Әміров былай деп түсіндірді.

Үсен Әміров, Күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Біздің қандастарымыз көптеген мемкелетте өмір сүргенімен, санымыз көп болғанымен біздің бір салаға түсірген тіліміз еш жерде жоқ. Сол себептен біздің тілімізге құрмет көрсетсе, біз тек қуанамыз. Бірақ бізге бұл фестиваль жөнінде еш кім айтқан жоқ. Осыған байланысты біз қатыса алмадық.

Үсен Әміровтың пайымдауынша, қазіргі кезде күрд жастары арнайы жексенбілік мектептерде ана тілдерін үйреніп жатқанымен күрд тілін үйрету барысында ұстаздар оқулық таппай қиналады.

Үсен Әміров, Күрдтер қауымдастығының мүшесі: - Кеңес Одағы кезінде біздің оқулықтарымыз басылып шығатын,кітаптарымыз көп болатын. Қазіргі кезде біз балаларға тілді үйреткеде оқулықтардың жоғынан қиналамыз. Бүгінгі таңда күрд тіліндегі кітаптар Арменияда бар, бірақ олардың оқулықтары біздің мемлекеттің саясатына, тарихына сай келмейді. Біздің қиналатынымыз осы.Негізінде алыс шетелдерде күрд тілінде шығатын кітап көп,бірақ оны әкелудің өзіде қиын ғой.

Қалай болғанымен, Үсен Әміровтың айтуынша, Қазақстандағы күрдтердің 95 пайызы өз ана тілдерін жақсы біледі, себебі біз от басымызда тек күрд тілінде сөйлесеміз, - дейді Үсен Әміров.

Қазақстандағы Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі Асылы Османова Қазақстан халықтарының тілдері фестивалін қолдамайды. Асылы Османованың пікірінше, бұл тілдер фестивалі емес, бұл қазақ тілінің фестивалі болу керек.

Асылы Османова, Әзірбайжан қауымдастығының мүшесі: - Алдымен мен қазақ тілінің болғанын жақсы көремін.Осы мемлекеттің тілі бірінші орында болу керек. Мен әзірбайжан тілі жойылып бара жатыр, дегендерді қолдамаймын. Себебі әзірбайжан тілі Әзірбайжан мемлекетінде даму керек. Ал қазақтың тілі Қазақстаннан өзге жерде дамымайды, сол себептен Қазақстанда қазақ тілінің дамуына жағдай жасалу керек. Сол себептен бұл фестиваль тілдер фестивалі емес, қазақ тілінің фестивалі болу керек.

Қазақстан халықтарының тілдері фестивалі барысында жыл сайын ұлттық мәдени орталық өкілдері арасында арнайы байқау өтеді, онда олар өздерінің ана тілдерінде өлең оқып, ән айтады, сонымен қатар олар аударма жасап жарысыды. Асылы Османованың пікірінше, бұл фестивальде өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін қалай білетінің бағалау керек.

Үстіміздегі жылғы Қазақстан халықтарының тілдері фестивалі дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайымен жалғасып кетті. Екі күнге созылатын бұл жиын 24 қырқүйек күні аяқталады.
XS
SM
MD
LG