Кэмп-Дэвид. Бүгін Вашингтон сыртында Кэмп-Дэвидте ҚШ президенті Джордж Буш пен Ресей президенті Владимир Путиннің саммиті басталады. Ақ Үйдің айтуынша кездесуде екі жақ Ирақ, Иран, Таяу Шығыс және терроризмге қарсы соғыс барысын талқыламақ. Екі күндік осынау саммит қарсаңында президент Буш Иранды өз ядролық бағдарламасына орай әлемдік айыптауға ұшырады деді. Иран болса өзінің ядролық қару жасамақ жоспарының жоқ екенін мәлімдеуде. МАГАТЭ Иранға өз ядролық бағдарламасының бейбіт мақсаттарға бағытталғанын дәлелдеуге қазанның 31-не дейін мұрсат бергені белгілі.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?