Accessibility links

Кешірім жасау жөніндегі комиссия Жақияновтың өтінішін кейінге қалдырды


Президент жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссия Ғалымжан Жақияновтың өтінішін қарамай тастады.

Яғни күн тәртібінен алып тастаған. Мұндай мәліметті Президент жанындағы кешірім жасау жөніндегі комиссияның кезекті отырысынан кейін, аталған комиссияның төрайымы Федотова айтты. Оның айтуынша, Президенттің атына жазған хаттардың ішінде Ғалымжан Жақияновтың да өтініші болған. Алайда оның өтінішін күн тәртібінен алып тастаған. «Себебі Бас прокуратура Жақияновтың үстінен қозғалған төрт қылмыстық іске байланысты Жақияновқа қатысты мұның алдында жасаған оңды қорытындысының күшін жойып отыр. Сол себеппен Жақияновтың өтінішін тергеу ісі аяқталып, сот үкімін шығарғаннан кейін ғана қайта қарауға шешім шығарып отырмыз»,– дейді Федотова.

Федотова мұнан басқа Президенттің атына жазған отызға жуық өтініш хаттарды қарағанын айтты. Оның ішінде Қазақстан Президентінің ұсынысымен он үшіне кешірім жасалған.

Ғалымжан Жақиянов – бұрынғы Павлодар облысының әкімі. Қазіргі Демократиялық таңдау қозғалысының жетекшісі. Мемлекеттік қызметін асыра пайдаланды деп жеті жыл бас бостандығынан айрылып, қазір Құсмұрындағы абақтыда отыр. Қыркүйектің 15-күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жақияновтың үстінен және төрт қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG