Таяу шығыстағы бейбітшілікті жақындату өкілеттігіне ие болғандар израилдықатр мен палестиндіктерге кеше тағы да қайрылып, екіжақты қақтығыстарды тоқтату шараларына шақырды. Таяу шығыс төрттігі – АҚШ пен Европа одағы, БҰҰ-ы мен Ресей өкілдері Нью-Йорктегі кездесуден кейін осындай мәлімдеме жасаған.
БҰҰ-ның Бас хатшысы К.Аннан оқыған мәлімдемеде Израилдың Палестин жерінде құрылыстар жүргізуін тоқтатсын дегеннен бастап, тараптардың екі жағына да қаратылған сөздер бар:
- Төрттік мүшелері тамыз-қыркүйек айларында израилдықтарға қарсы жасалған қастандық шабуылдарын айыптайды. Олар жекелеген жанкештілік шабуылдар мен кейбір топтардың қастандық шабуылдарын ұйымдастыруларына қарсы Палестин жағы нақты шешімді шаралар қолдануға шақырады, - деді К.Аннан.
Бірақ осы әңгімеден бір сағат өтпай жатып-ақ Батыс жағалауда қарулы палестиндіктер атыс кезінде бір израилдық пен кішкентай қыз баланы өлтіріп, басқа екі адамды жаралаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі