Accessibility links

Ақмола облысындағы орман-тоғайлардың қазіргі күйі қатты алаңдатуда.


КӨКШЕТАУ: Ақмола облысындағы орман-тоғайлардың қазіргі күйі қатты алаңдатуда. Қазақ ақпарат агеттігі хабарлағандай, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қадырхан Отаровтың мәліметі бойынша, аталған аймақтағы өсімдіктер мен жан-жануарлар әлемін қорғауды күшейту керек. Мысалға, ақ қайың ағаштары түрлі дертке шалдығуда, ал 2002-нші жылы орман-тоғайлардың өртенуінен 71 млн. теңгенің шығыны келген. Орман ағаштарын өз беттерімен шапқан жайттар да көбейе түскен, өткен жылы заңсыз ағаш шапқан 236 оқиға тіркеліп, одан 2,5 млн. теңгенің шығыны келген. Осы проблема бойынша облыстық әкімшілікте болған мәжілісте жан-жануарларды қорғау мәселесі де сөз болды.
XS
SM
MD
LG