Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылым беттерінде “соңғы үш жылда қазақ тілінде білім алған 15 мың адамның құқығының бұзылғандығы” туралы, аймақтық және ішкі қауіпсіздікке байланысты мақалалар жарық көрді.

“Ақ жол” партиясына қарасты “Ақ жол Қазақстан” газеті жергілікті мәслихаттарға депутаттарды сайлау кезінде кеткен заң бұзушылықтарға “Шенеуніктер бұ сайлауда жеңу үшін ана дүниедегілерді де пайдаланды, ол аз болса оңтүстік өңірде дауыс беруде шетелдіктерді де тартқан” деген мақалада кеңірек тоқталады. Осы газетте Ұлттық зерттеу институтының басшысы Бөріхан Нұрмахамедов сайлау процесін сараптай отырып: “Орталық сайлау комиссиясы басшысын ауыстыру керек”, - деген қорытындыға келеді. “Қазақты мазақ қылған кім?” деген мақалада Бабайбүркіт Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевқа: “Таяу Шығыста біреу террористердің қолынан өлсе, сол күні мәлімдеме жасайды екенбіз. Әр нәрсеге араласып, елдің қамын жеген болып жүрген Қасымжомарт Тоқаев мырза өзбектер шекарада атқылап жатқанда, қайда қарап отыр?” деп шүйлігеді.

“Страна и мир” газеті “Шынымен 100 миллион доллар ма?” деген мақалада Қырғызстанда орналасқан коалициялық күштердің әуе базасы қызметкерлерінің күл-қоқысы үйілетін жерде шағын кәсіпорынның пайда болғанын жазады. “Күн сайын қоқыс тасығыштар жеткізетін қалдықтар бірден өңделеді. Содан кейін оларды азық-түлік пен күнделікті тұтыну бұйымдары ретінде сатады”, - дейді журналист Асқар Баймағамбетов. Оған қоса “коалициялық күштер қырғыз экономикасына 100 миллион доллар қаржы салып үлгерген.”

“Қазақстаннан әкетілетін және әкелінетін 4-7 мың адам жыл сайын құл сатудың құрбандарына айналуда”, - деп хабарлайды “Экспресс К” газеті. Бұл жөнінде Миграция бойынша халықаралық ұйым миссиясының басшысы Майкл Чанс мәлімдеген. Сондай-ақ, “Эспресс К” газетінің тілшісі Альбина Ахметова: “Алматы қаласының бір аудан тұрғындары балаларын белгісіз қанішерден қорғау шараларын жаппай қолға алуда, бірақ полицейлер маньяктың жүргеніне әлі де сенімсіз. Оның есесіне басқа бір ауданда азғынды барлығы жақсы біледі. Өйткені, оның ол ауданда серуендеп жүргені - бірінші жыл емес. Бірақ жергілікті полиция бөлімшесі үшін бұл жаңалық болды”, - дейді.

“Құлекеев талапкерлердің құқын қорғай ала ма?” деген мақалада “соңғы үш жылда қазық тілінде білім алған 15 мыңға жуық адамның құқығының бұзылғанын” хабарлайды “Жас алаш” газеті.

Ал Қонақбай Саттаров “Жас қазақ” үні газетінде жаңа министр Жақсыбек Құлекеевтің ұсынып отырған реформаларына тоқтала отырып, “жоғары жақта қолдау тапқан жаңалықтың бәрін жер-жердегі бұқара қабылдауға қиналатыны жасырын емес”, - дейді.

“Эпоха” газетінде “Министр басын алып шыға алмайды” деген мақалада биылғы жылы жоспардағы 53,1 миллион тонна мұнай өндірудің орнына 52 миллион тоннаны қанағат тұтамыз деген Энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьниктің орынтағынан айырылуы мүмкін деген болжам айтады. Сонымен бірге осы газетте Төлеген Асқаров “мемлекеттік емес жинақтаушы қорлардың зейнетақы активтерінің шынайы кірісі былтырғы жылдың тамызы мен осы жылдың тамыз айы аралығында құлдырап кеткендігін тілге тиек етеді.”

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG