Ассошиейтид пресс агенттігі хабарлағанындай, Ауғанстанның жаңа ата заң жобасы жұрт назарына ұсынылмақ. Ол заңға орай Ауғанстан – Мұсылман мемлекеті. Бірақ бұл консервативті елдегі İсләм шарият заңдары төңірегінде көп тартыстар болған. Дегенмен, Ата заң жобасын жасауда қатысқан үкіметтік бір ресми адамның айтуынша, заң ауторлары өзара ортақ бір мәмілеге қол жеткізген. Ата заңның негізгі бір мақсаты - ұлт бірлігі.
Талибтер билігі кезінде әйелдердің жұмыс істеуі, қыздардың оқуына тиым салынған болатын. Сондай-ақ, ер азаматтардың сақал қоюы, намаз оқуы шарт еді. Оның үстіне қылмыс жасағандардың қол, аяғын кесу, тіптен өлтіру жазалары қолданатын.
Жаңа ата заңның алдағы маусым айында болатын алғашқы демократиялық сайлаулар үшін орны ерекше. Заң ширек ғасырлық соғыстан кейінгі саяси тұрақтылық үшін аса қажет, дейді талдаушылар.
Міне енді, 500 мүшелі Жоғарығы кеңес – Лоя Жырғаның он күнге жалғасатын мәжілісі натижесінде Ауғанстанның Жаңа конституциясы бекітілмек. Заңның жаңа нұсқасы бойынша ондаған белгілі маман сарапшылар 11 ай жұмыс істеді. Соңғы 3 ай бойы заң жобасын 150 мыңдай адам талқылап өз ұсыныстарын жасады. Соңғы мәтінде Ауғанстан - İсләм мемлекеті, бірақ Шарият заңдарын мәжбүрлемейді, - деп жазылған. Бұл Ата заң Мохаммад Захир Шах кезіндегі 1964-жылғы аңның толықтарылған, түзетілген нұсқасы десе болады.
Ата заң бойынша комиссия өкілі Абдул Ғафур Леуалдың айтуынша, Конституция жобасы президент Қарзайға ұсынылған.
Бірақ Конституциондық комиссияның 35 мүшесі жасап шыққан бұл соңғы жобаның тағдыры енді Лоя Жырғаның қолында. Жоғарығы кеңеске мүше кейбір әскербасылары бұл жаңа Ата заңдағы өзгеріс кесірінен өз әкімшілік-билік құқықтарының шектелгендігі жөнінде шағым айтулары да мүмкін. Ақиқатында Қарзай үкіметінің билігі әзірше Қабул маңайына ғана жүреді. Ал шеткі алыс аймақтардағы билік жергілікті басшылық қолында екендігі құпия емес.
Бір ресми адамның айтуынша, маусым айында болатын сайлауда Хамид Қарзай табысқа жетуі мүмкін. Сондықтан Қарзай президенттік басқару билігін кеңейту жолында әрекет жасауда.
Ауғанстандағы ең көп санды ұлт Паштундердің өкілі ретінде Қарзай екінші көп ұлт тәжіктерден бас министр тағайындауы мүмкін, дейді талдаушылар.
Ал әзірше , Ата заңдық комиссия таратқан 460 мың нұсқа жоба бойынша көптеген қатардағы қарапайым азаматтардан түрлі хаттар келіп түсуде екен. Олардың негізгі талабы - жұмыс істеуге, оқуға берілетін азаматтық құқықтар жөнінде көрінеді.
Комиссия өкілі Абдул Ғафур Леуалдың айтуынша, Ауғанстан Ата заңының жаңа нұсқасын даярлауда, ішінде соғыс қырғынын бастан кешірген мұсылман қауымы да бар, 80 шақты елдің конституциясы қарап шығылыпты.