Accessibility links

Халықаралық қылмыстық соттың рөлін түсіндірді


Қазақстанға халықаралық сарапшылар Марин Шайд және Заул Фолфгардпен келді.

Қыркүйектің 29-ы күні Қазақстан Парламент Сенатының заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Ермек Жұмабаев, халықаралық қылмыстық сот ратификациясы және ақпараттары жөніндегі компания жобасы бойынша Қазақстанға келген халықаралық сарапшылар Марин Шайд және Заул Фолфгардпен кездесті.

Аталған компанияның мақсаты-Қарулы күш өкілдеріне және азаматтық қоғамның арасында Халықаралық қылмыстық соттың рөлін түсіндіру, сондай-ақ Рим Статуты шешімін қолдау болып табылады.

Орталық Азия елдерінің әрқайсында азаматтық қоғамда, сот төрешілерінің және саясаткерлердің арасында семинарлар өткізілмек. Еропаның сарапшылар командасы Қазақстанға осындай мақсатпен келіп отыр.

Сарапшы Марин Шайдтің айтуынша, 1998 жылдың 12-ші шілдесінде Рим қаласында 122 елдің қатысуымен Рим Статуты келісімі қабылданған.

Қазақстан Парламент Сенатының заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің төрағасы Ермек Жұмабаев, Қазақстанға да Рим Статуты келісімін қолдау керек деген пікір айтты.

- Халықаралық қылмыстар жасаған кезде, геноцид, бір топ халыққа зақым келтірсе, әскери, тероррлық қылмыстар жасағандарға халықаралық қылмыстық сот қолдануға болады. Қазақстан БҰҰ-ның 22 конвенциясының адам құқықтары жөніндегі 17-іне қосылған. Заңдарымыздың халықаралық өлшемдерге жақындастыруымыз керек.

Аталған мәселе бойынша Еуропаның халықаралық сарапшылары Орталық Азияның басқа да мемлекеттерінде болуды жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG