Кеңес мүшелері алдымен, жарғылық капиталында мемелекеттің үлесі бар заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы мәселені талқылады.
Аталғандай заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы жөнінде қолданыстағы заңдарға өзгеріс енгізу туралы пікір айтылды. Сондай-ақ ұлттық компаниялардың құқықтық жағдайы туралы жеке заң қабылдау жөнінде де сөз болды.
«Қайнар» университетінің проректоры, заң ғылымының докторы , профессор Елеген Қайыржановтың айтуынша, қолданыстағы заңдарда аталған мәселелерге байланысты мемлекеттің мүддесі жеткілікті көрсетілмеген.
- Акционерлік қоғамдағы мемлекеттің орны, мемлекеттің алатын акциясы, мәртебесі көпшілік жағдайда шешілмеген. Сондықтан бұл мәселеге көңіл бөлінгені дұрыс.
Кеңес төрағасы Игорь Рогов, жарғылық капититалында мемлекеттің үлесі бар заңды тұлғалалардың құқықтық жағдайын нақтылау туралы тұжырымдама дайындауды Әділет министрлігіне тапсырды. Кеңесте қаралған екінші мәселе қылмыстың алдын алуға байланысты заңдарды жетілдіру жөнінде болды.
Қайнар университетінің проректоры, заң ғылымының докторы, Елеген Қайыржановтың айтуынша, қылмыстылықтың алдын алуға байланысты заң қабылдау туралы әңгіме отыз жылдан бері айтылып келеді. - Біздің елімізде әлі күнге дейін қылмыстылықтың алдын алу туралы заң жоқ. Ал, басқа мемлекеттерде ондай заңдар бар. Мысалы, Ресейде мұндай заң бар.
Сондықтанда Елеген Қайыржанов, басқа заңдар қылмыстылықтың алдын алу туралы заңдардың негізінде жасалуы керек деген пікір білдіріп отыр.