Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылымдарда Шығыс Қазақстандағы жер сілкінісіне қатысты және басқада мақалалар жарияланған.

«Егемен қазақстан» газетінің 1 қазан күнгі санында «Ортақ тіл ортақ рухты орнықтырады» деген мемлекеттік тілді дамытудың мәселелеріне арналған республикалық кеңестен репортаж берілген. Онда мемлекеттік тілдің жайы ендігі жағдайда қатаң түрде қадағаланып, қолданыс аясы кеңейе түсетіндігі айтылған. Бастан аяқ қазақ тілінде жүргізіліп, орыс тілді БАҚ-тың шамына тиген кеңесте шенеуніктер тек қазақ тілінде баяндама жасапты.

Енді «Казахстанская правда» газетінің №282 санына тоқталсақ,онда Шығыс Қазақстанда болған жер сілкінісі турасындағы Н. Вержбицскаяның мақаласы жарияланған. Таулы Алтайдағы сілкініс дүбірі Алматыға жетіп, 3 балдық қозғалыстың болуы сақтану қажеттігін еске салады дейді газет тілшісі. Оның үстіне Алматыдағы үйлердің 30 проценті сейсмикалық жағынан жарамсыз екен.

Ал «Экспресс К» газетінің №186 санында Ішкі істер министрі З.Тұрысбековтың тосын бұйрығы турасындағы мақала жарияланған. Ол бойынша халықаралық және қалааралық жолаушы, жүк тасымалдаушы көліктерді тоқтатуға әрі тексеруге тыйым салынған.Ал авто көліктерді тіркеуге алу қызметі бір айдан соң әділет министрлігінің құзырына көшеді екен.Енді МАЙ қызметкерлерінің қатарын әйел инспекторлар толықтыратын көрінеді. Әзірге Астана қаласында 40 әйел инспектор қызметке кірісіп кетіпті.

Енді «Алтын Орда» апталығының 20 тамыз күнгі нөміріне тоқталсақ, онда Сәлім Ысқаққызының «Үкіметтік емес ұйымдар кімнің сойылын соғады?», Өмірзақ Мұқайдың «Алматы бейқам, оны соңғы су тасқыны байқатты», Рәзиға Әшееванаң «Тобаны оба шықса еске аламыз» және Зәкіржан Кәлкенбайдың «Қарашығанақ мұнайы экспортқа шықты, алайда қуануға ертерек» атты мақалалары жарияланған. Газет тілшісі Айша Құрманғалиқызының «Кәсіподақтар неге күмілжиді» деген мақаласы бүгінде басынын бағы тайған елдегі кәсіподақ ұйымдарына арналған. Автор өз мақаласында аталған ұйым беделінің түсуіне бірден бір себепкер үкіметтің солқылдақ саясаты дейді.

Ал «Экспресс К» газетінің тілшісі Дмитрий Бациев басылымның №157 нөмірінде кеше Қазақстанның бітімгершілік күштері өз міндеттерін атқарып қайту үшін Иракқа аттанып кетті деп хабарлайды. Мақала «Қайта оралу үшін кетті» деп аталады. Құрамында 20 адамы бар әскери топты подполковник Қайрат Смағұловқа сеніп тапсырған қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаев оларға сәт-сапар тілеген. Қазақстандықтардың басты міндеті жарылғыш заттар орналасқан жерлерді, алаңдарды залалсыздандыру. Олардың Ирак жерінде болатын жарты жыл уақыттағы жатын орны мен тамағын американдықтар көтеретін көрінеді. Қазақстандықтардың ол жақта өмір сүруіне 100 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы кетуі мүмкін екен.

«Журналист» газетінің сонғы нөмірі тоғызыншы санына келсек, онда Гүлнәр Ахметованың «Заң туралы не білесіз?» , Намазалы Омашұлының «Көне Тараз әлемдік ақпарат қақпасы», Гүлбиғаш Омарованың «Қырғыз баспасөзі ресми және бейресми шындық» мақалалары және «Ана тілі» газетінің бас редакторы М.Құлкеновпен «Шешендік өнермен шыңдалуға тиіспіз» атты сұхбат жарияланған. Көрші ел қырғыздардың ақпарат құралдарымен жіті танысқан Гүлбиғаш Омарова өз мақаласында екі ел ақпарат кеңістігін жан-жақты салыстырған.
XS
SM
MD
LG