Accessibility links

Қытай өкіметі қазақ-қытай шекарасын айқындау немесе демаркациялау жұмыстарының аяқталғанын ресми түрде жариялады.


ПЕКИН: Қазақ ақпарат агенттігінің Пекиннен хабарлауынша, Қытай өкіметі қазақ-қытай шекарасын айқындау немесе демаркациялау жұмыстарының аяқталғанын ресми түрде жариялады. Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара – 1782 шақырымды құрап, Қазақстанның Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қытайдың Шыңжаң-уйғыр автономилы ауданы арасынан өтеді. Шекараның құрлықтағы бөлігі – 1215 шақырымды, судағы шекараның ұзындығы – 566 шақырымды құрайды. Бұдан былай екі ел арасындағы шекараны 688 бағана көрсетіп тұрмақ. Қазақ-қытай шекарасын демаркациялау туралы Хаттамаға 2002 жылдың мамырында қол қойылды.
XS
SM
MD
LG