МИНСК: Одақтас Ресей және Беларусь мемлекетінің министрлер кеңесі орыс рублін екі елдің ортақ валюсаты ретінде 2005 жылдың 1 қаңтарында енгізу туралы өзара ортақ келісімге келе алмады. Ол жөнінде сәрсенбі күні хабарлаған Ресей премьер-министрі Михаил Касьянов екі жақты келіссөздердің сәтсіз аяқталуы үшін барлық жауапкершілікті Минскіге жүктеді. Рублдің енгізілуіне өтемақы ретінде жылына 120 млн. доллар төлеу жөніндегі Мәскеудің ұсынысын Минскі қолдамай отыр. Егер алдағы 3 айда ортақ келісімге келе алмасақ, деп атап көрсетті М.Касьянов, онда ортақ валютаны енгізудің уақыты дегенді мүлде “ұмытуға болады”.
Ресей және Беларусь мемлекеттерінің министрлер кеңесі орыс рублін екі елдің ортақ валюсаты ретінде 2005 жылдың 1 қаңтарында енгізу туралы өзара келісе алмады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV