Accessibility links

Еуроодақ қорғаныс министрлері НАТО-дан бөлек штаб-пәтер ашуды қарастырмақ.


Рим. Бүгін Римде ЕО қорғаныс министрлерінің екі күндік келіссөзі басталды. Кездесу күн тәртібінде бір даулы мәселе тұр. Ол НАТО-дан бөлек ЕО әскерінің штаб-пәтерін ашу мәселесі. ҚШ-дың Ираққа қарсы соғысына қарсы 4 ел Франция, Германия, Белгия, Люксембург өткен сәуірде Брюссел шетінде ЕО әскерінің өз штаб-пәтерін ашу идеясын көтерген еді. ҚШ-мен Британия болса бұл қадам НАТО-ның күйреуіне алып келетін қадам деп сынаған.
XS
SM
MD
LG