Accessibility links

АҚШ үкіметі 15 қазанда өткелі отырған президент сайлауына қатысудан науқас мемлекет басшысы Гейдар Әлиевтің ұлының пайдасы үшін бас тартуы - мемлекеттің өзінің ішкі мәселесі деп айтқан.


Бұл жөнінде кеше күнделікті баспасөз-мәслихаты кезінде АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Ричард Баучерге сұрақ қойылған болатын. Сырқаттанып Америкада ауруханада жатқан 80 жасар Әлиев денсаулығының нашарлығына байланысты президенттік сайлауға қатыспайтындығын мәлімдеп, ұлы Илхамды саяси мүрагерім деп жариялады. Баучер президент Әлиев АҚШ-тың жақсы досы деп суреттеп, былай деген. - Президент Әлиевтің сайлаудан шығуы Әзербайжанның өз ішкі мәселесі. Өткен уақытта АҚШ үкіметі президент Әлиевпен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеді. Біз Әзербайжанның жақсы досы болдық, - деп атап көрсеткен Баучер, АҚШ-тың Әзірбайжандағы сайлаулар белгілі талаптарға сай өткізіледі деп күтетіндігін айтқан. - Біз 15 қазанда еркін де әділ преиздент сайлауы болады деген үміттеміз. Біз үшін бұл сайлаудың Европадағы қауіпсіздік жане ынтымақтастық ұйымының талаптарына сәйкес өткізілетіндігі ең маңыздысы. Біз сол үшін де жұмыстар жасадық, - деп айтқан Баучер. Кеше ертеңгісін Илхам Әлиев сайлауда жеңіске жететіндігіне сенімділігін айтып, әкесінің бұл бәйгеге қатысудан бас тартқанына өкініш білдіремін деген.
XS
SM
MD
LG