Accessibility links

Бүгін Шешенстанда президенттік сайлау өтуде.


Оған қатысуға барлығы 561 мың сайлаушы тіркелген. Шешенстандғы Орталық сайлау комиссиясының жетекшісі Абдұлкерім Арсаханов сайлаудың алдын -ала қорытындылары қазанның 6-да, ал толық нәтиже 8-ші қазанда жария болады деп айтқан. Ресейдің Итар-тасс агенттігі Ислам конференциясы ұйымының өкілдері Шешенстандағы сайлауға бақылау жасау үшін Грозныйға аттанып кетті деп хабарлаған. Сондай-ақ Араб елдері лигасының өкілдері де сайлау барысын бақылауға Шешенстанға келген.
XS
SM
MD
LG