- Өзін-өзі басқаруға өту өте күрделі процесс, сондықтан да ондаған жылдарға жалғасқан қысымшылық пен қауіп-қатерден кейін, сенім мен үміт орнатуға уақыт керек болады. Біз бірқатар елеулі табыстарға жеттік, біз Ирақ билігін толықтай оның өз адамдарына қайтарамыз деген уәдемізді мүмкіндігінше жылдам орындауға тырысамыз, - деген президент.
Ирақты тұрақтандыру мен оның қайта құрылуына халықаралық күштер мен қаржылай қорды көбірек тарту үшін АҚШ БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне қарар жобасын ұсынған болатын. Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері Франция мен Ресей егер Иарқ билігі тезірек оның өз қолына берілсе ғана қолдау көрсетеміз деп шарт қойған-ды.
Ирақта кеше жекелеген қақтығыстар кезінде екі адам қаза тапқан.