Accessibility links

Ресей Шешенстан Президенттік сайлауын заңды деп атап отыр.


Шешенстанда дауыс беру аяқталмай тұрып-ақ ресми орындар сайлау жүзеге асты деп малімдеді. Шешен сайлау комисиясының төрағасы Абдул Кәрім Арсаханов Мәскеу уақыты бойынша кешкі сағат бесте дауыс беру құқығы бар азаматтардың 68 пайызына жуығы дауыс бергенін мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Путин сайлауды Шешенстанда бейбітшік пен тұрақтылық орнату жолындағы үлкен белес деп сыпаттаса да, көптеген бақылаушылар жексенбі күнгі дауыс берудің қандай да бір мәнісі болды дегенге күмәнмен қарайтынын ашық айтып отыр. Олардың сөзінше, Кремлге арқa сүйеген Ахмад Қадыровқа нағыз бақталас бола алатын бір де бір үміткер сайлау бәйгесіне жіберілмеген.

"Азаттық" радиосы орыс бөлімінің Шешенстандағы тілшісі Мұса Хасановтың хабарлауынша, дауыс беру бекеттері ашылмай тұрып-ақ көптеген жергілікті шешен ресми қызметкерлері сайлау нәтижесі қандай болатынын біліп отырған.

- Айта кетерлік жағдай, сайлау өтер күннің қарсаңында республиканың барлық аудан орталықтарында кеңестер өтіп, бұдан кейін аудан басшылары Ахмад Қадыровты алдын ала сайлау бәйгесіндегі жеңісімен құттықтап қойған, - деп хабарлайды Шешенстандағы тілшіміз.

Жалпысы Шешенстанда дауыс беру құқығы бар 560 мың сайлаушы бар. Бұлардың қатарында Шешенстанда тұрақты орналасқан 70 мың Ресейлік әскердің де бар екенін атап өткен жөн.

Мәскеуге арқа сүйеген Шешенстан әкімшілігінің директоры қызметін уақытша атқарушы Анатолий Поповтың айтуынша, шешендер бұл сайлауды оң өзгеріс деп қарсы алуда.

Ұзақ күттіріп шешен жеріне де мереке жетті, халық сайлаудың өтіп жатқанына бақытты, - дейді Попов.

Алайда, Рөйтерс агенттігіне сұхбат берген шешендер бұған қарама қайшы пікір айтқан.

Сайлау әділетсіз өтіп жатыр, халық мұны біліп отыр, - деген қарапайым шешен азаматтарының бірі.

Көптеген бақылаушылардың хабарлауынша, дауыс берушілердің арасында үрей басым. Халық Қадыровқа қарсы дауыс беруден де сескенуі мүмкін,- дейді кей бақылаушылар.

Микрофон ұсынылғандардың бірі Ресей İшкі İстер министрлігінің жауынгері Марат Кабулов болатын. Ол былай дейді:

Халықтың түсінігінше, Қадыровтың өз жасағы бар, ол сол жасағын қолдап, қаржыландырып, басқарып отырады. Халық одан қорқады, - дейді бұл Ресейлік жауынгер.

Мәскеушіл шешен әкімшілігі сайлау барысында бақылаушылардан айтарлықтай шағым түспегенін мәлімдесе де, халықаралық бақылаушы ұйымдар Шешенстандағы сайлауды мүлде есепке алуға болмайды деп отыр. Еуропадағы Қауіпсіздік Пен Ынтымақтастық ұйымы және Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамбеясы сайлауға өз бақылаушыларын жібермейтінін ең басынан мәлімдеген еді. Алайда, Исламдық Конференция ұйымы бақылаушы жіберуге әзірлігін танытқан болатын. Сондай-ақ, сайлауға Ресей пезиденті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комисия және ТМД Атқарушы Кеңесі бақылау жасаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG