Accessibility links

АҚШ президенті Израиль бас министрінен Таяу Шығыстағы жағдайды шиеленістірмеге шақырды.


АҚШ президенті Джордж Буш Сирияға жасалған әуе шабуылына орай Израиль бас министрі Ариель Шаронға телефон шалып, Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі шиеленістірмеуге шақырған. Сенбі күні Израильдің Хаифа қаласындағы ресторанда жанкештілік шабуылда қайтыс болған 19 адамның қазасына орай олардың отбасыларына президент Буш көңіл айтқан.. Сондай-ақ, Нью Йоркта Сирияның талабымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төтенше жиыны болып өтті. Ал сенбі күні Израиль соғыс ұшақтары Сириядағы бір жаттықтыру базасына терроршылар жайғасқан деп, әуеден соққы берген болатын. Израиль Денсаулық министрі Дани Навех жанкештілік шабуылы үшін Палестинаның елбасы Арафатты кіналады.

- Шабуылға Яссер Арафат айыпты. Ол террорлық шабуылдарды тоқтату мәселесінде ешқандай шара қолданбады. Керісінше сондай шабуылдарға жол беріп отыр, - деген Навех
XS
SM
MD
LG