Алғашқы санақ нәтижесі бойынша Қадыровқа сайлаушылардың 82-і пайызы дауыс берген. Қалған 6 үміткер 5 пайыздан сәл артық дауыс жинаған. Дауыс беруге шешен жерінде жайғасқан 30 мыңдық Ресей қолының қосындары қатысты. Сайлау барысын Араб елдері бірлігі және Ислам конференциясы ұйымының және кейбір ТМД-ы елдерінің өкілдері бақылады. Европаның қауіпсіздік сақтау және серіктестік ұйымының, Европа Кеңесінің және ресейлік құыққорғаушылар сайлауларға өз бақылаушыларын жіберген жоқ.
Ахмад Қадыров шешен елбасы болып сайланады деп есептеуге болады –деп республикалық сайлау идарасының басшысы Абдул-Кәрім Арсаханов мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
AzattyqTV