Accessibility links

Қазақстанда жемқорлық жүйелі түрде дамып отыр


2003 жылы Қазақстан жемқорлық көрсеткіші бойынша, Әзірбайжан республикасынан бір саты жоғары көтерілген.

Халықаралық «Трансперенси интернешнл» ұйымының Қазақстандағы бөлімінің жетекшісі Сергей

Золотниковтың айтуынша, республикадағы жемқорлық жүйелі түрде дамып отыр. Бүгінгі таңда Сергей Золотниковтың ойынша, республикада сыбайластық дамымаған саланы табу қиын. Сонымен қатар Сергей Золотниковтың пайымдауынша, мұнай-газ саласында жемкорлық жақсы дамыған. Себебі шикі зат өндіру саласында қол қойылатын құжаттар негізінен қоғамға ашық көрсетілмейді, немесе бұл жөнінде ақпарат таратылмайды. Сол себептен Қазақстанда бар жемқорлық мәселесін шешу үшін Сергей Золотниковтың ойынша, қоғамның пікірімен санасып, жемқорлықпен күресуді қолдайтын Қазақстан президентінің саясатын қолдау керек.

Жалпы Халықаралық «Трансперенси Интернешнл» ұйымының Алматыдағы жетекшісі Сергей Золотниковтың пайымдауынша, жыл сайын Қазақстанның көрсеткіші жоғарлағанымен, республикадағы сыбайластық деңгейі өзгеріп отырған жоқ. Себебі жыл сайын бұл зерттеуге түсетін мемлекеттердің саны да өсіп жатыр.

Халықаралық ұйымның мұндай зерттеу жүргізуін саясаткер Шәріп Құрақпаев дұрыс деп есептейді, бірақ Шәріп Құрақпаевтың тұжырымы бойынша, Қазақстандағы жемқорлық көрсеткіші жылдан жылға өсіп жатыр.

- Жемқорлықтың деңгейі өсіп бара жатыр деп айтуға болады. Бірақ бұл кемшілікті жасыратын әдістер өзгеріп жатыр. «Трансперенси Интернешнл» ұйымының мамандары, Зейнолла Кәкімжановтың айтқан сөздерін қайталады. Зейнолла Кәкімжанов Қазақстандағы мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын компаниялардың 80 пайызы офшорлық аймақтар арқылы жұмыс жасайды дегенді айтқан. Не себептен олар бұл салық төлемейтін жерлерге барады. Себебі ол жерге олар ұрлау үшін, жеу үшін барады. Екі апта бұрын Қазақстан үкіметі Теңіз-Шевройлмен компаниясымен келісім шартқа қол қойды, сонда министр Владимир Школьникке бір құжат жөнінде айтып бере аласыз ба, деп сұрақ қойғанда. Жоқ бұл мәселені ашу үшін барлық жақтың құжат негізінде келісімі керек, дегенді айтты. Осындай жауап беруге бола ма? Біздің мемлекетте жемқорлықтың төмендеуі мүмкін емес, себебі Парламентте бақылау құқығы жоқ, үкімет тәуелді, Конституциялық сот жоқ, милиция, прокурор, соттарды президент тағайындағаннан кейін, әрине, олар өз қасындағы адамдардың қылмысын ашуға мүдделі емес. Қазақстандағы жемқорлық қандай деңгейде деген сұрақты біз қарапайым қазақстандықтарға қойдық. Олар өз пікірлерін былай деп білдірді.

- Мен Ресейден көшіп келдім, мен ойлаймын Ресеймен салыстырғанда Қазақстанда жемқорлық көрсеткіші өте жоғары. - Мен білмеймін. Себебі мен бұл жөнінде ойланып көрген жоқпын. - Мен ойлаймын демократия институттарының жұмысы өте нашар болғандықтан, бізде жемқорлық өте жоғары деңгейде дамып келе жатыр.

Қазіргі кезде Қазақстан жемқорлық көрсеткіші бойынша Кеңес Одағына мүше болған мемлекеттермен бір қатарда тұр дейді арнайы зерттеу жүргізген мамандар.
XS
SM
MD
LG